
Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында білім беру ұйымдарында тақырыптық іс-шаралар: «Алғыс айтамын...» шығармашылық сабақтар мен викториналық ойындар, «Келісім-достық кепілі» тақырыбында эссе, шығармалар байқаулары, «Қазақстан - бірлік пен достық елі» атты кітап және фотокөрмелері, «Қазақстан - бірлік пен достық мекені» суреттер көрмесі рәсімделді. Жануарларға арналған баспанаға көмек көрсетілді. «Алғыс айту күні» челленджіне барлық білім ұйымдары қатысты.
«Жомарт жүрек» қалалық еріктілер орталығының ашылуы аясында оқушылар ойыншықтар мен кітаптар жинап, қолөнер бұйымдарын жасады.