
Іс-шараға: Халықтар Достығы орденінің К. С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының директоры Еспаев Дунай Амандықұлы, білім бөлімінің әдіскерлері, Саран қаласының Аналар кеңесінің төрағасы, педагогикалық еңбек ардагері Жүсіпбекова Гүлжан Жүсіпбекқызы, қала мектептерінің кітапханашылары қатысты.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуы тиіс. Шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық» деп атап өткен.
Іс-шара барысында қатысушылар жазушы - драматург М. Әуезовтің 125 -жылдығы мен «Абай жолы» қазақ роман-эпопеясының 80-жылдығын да назардан тыс қалдырмады.
Іс-шара қонақтары Абай Құнанбаевтың шығармаларын орындап, «Абай жолы» роман-эпопеясының желісімен «Ұрпағым, біліп қой, сен үшін жол салдым» театрлық қойылымының авторы Д.А. Еспаевқа да оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын қоюға бірегей мүмкіндік болды.
Бұл іс-шара қазақ әдебиетін, сондай-ақ Абайдың ұлы әдеби, философиялық және адамгершілік мұрасын зерделеуге зор мүмкіндік берді.