
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А. А. Елюбаева жылдам оқу мәселесіндегі тәжірибесімен, Л. Ю. Хохлова бастауыш сынып оқушыларының үзілісін тиімді ұйымдастыру жөніндегі тәжірибесімен бөліссе, жас маман В.Д. Люц бастауыш сынып оқушыларында каллиграфиялық шеберлікті қалыптастырудың әдіс - тәсілдерін көрсетсе, тәжірибе сабағының мұғалімдері С.И. Подколзина мен А.Р. Даудрих сабақта қолданылатын ойын тәсілдерін көрсетті.
Семинар қонақтары Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары – психолог В.Г. Атигаева мен дефектолог С. П. Богомолова түзету және дамыту жаттығуларын көрсетті.
№2 ЖББМ басшысының м.а. А.Х. Хамитовамен, басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. С. Хохлованың басшылығымен ұйымдастырылып, бастауыш сынып мұғалімдерімен өткізілген қалалық семинар, жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Семинар барысында педагогтарға үлгерімі нашар балалармен жұмыс істеуде қолдану үшін қызықты идеялар мен жаңа тәсілдер ұсынылды. Осындай іс-шараларға қатысу - жас мұғалімдер үшін оқу сауаттылығын қалыптастыруда құнды тәжірибе. Әдебиеттік оқу сабақтарында мұғалімдер оқушылардың мәтінді тез оқуға машықтануы үшін әртүрлі әдістерді белсенді пайдаланып, көздің көру аумағын кеңейтуде Шульте кестесі бойынша 10 минуттық жаттығулар жасайды. Оқушыларда арнайы дәптерлер бар, онда мәтіндермен еркін, жылдам, ойлана отырып оқу дағдыларын дамытуға ықпал ететін әртүрлі формадағы жұмыстар орындалады.
Оқушылардың жазуын түзетуге мүмкіншілік беретін әдістер, жазудағы өзгерістерді нақты көрсету арқылы алынған нәтижелер туралы, «В.А. Илюхинаның құпиясы бар хат» жазба әдістемесін қарастыру маңызды мәселелердің бірі болды.
Мұғалімдер оқушылардың зияткерлік те, шығармашылық та қабілеттерін дамыта отырып, үзілістерді ойын түрінде тиімді пайдалануды назардан тыс қалдырмады. Үзілістерді де пайдалы түрде өткізуге болады.
Семинарды ұйымдастырып, өткізуге қатысқандардың барлығына мол тәжірибелік білімдері үшін үлкен рахмет. Мұғалімдердің баяндамалары бірыңғай, бір тақырыпқа арналған, әріптестеріміздің ақпарат алуына да ыңғайлы.
№2 ЖББМ ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, алға қойған міндеттерді жетістікпен орындауға тілектеспіз!