
Форумның мақсаты еліміздің экономикалық, азаматтық және мәдени дамуы мүддесінде өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қоғамдық білім мен пайдалы дағдыларды алуда жасөспірімдер мен жастардың әлеуетін ашуға жәрдемдесу.
«Молод'О» жастар білім беру форумы 2022 жылы бесінші рет өткізіліп, қала мен өңірдің танымал адамдарымен кездесу, жастардың өзекті мәселелерін талқылау, азаматтық қоғамды дамытудың басым бағыттары бойынша жасөспірімдердің хабардар болу деңгейін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы дәстүрлі алаңға айналды.
Форумның бірінші күні Саран қаласының білім бөлімінің басшысы А.Б. Бақтыбаевтың қатысуымен «Ересектерге арналған 100 сұрақ» кездесуі, Қарағанды қаласының «Оқушылар сарайы» КМҚК педагогы Р. В. Абильдин мектеп оқушыларымен «Топ құру» тренингін, «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Жас қанат» жастар көшбасшылары қауымдастығының басшысы А.Н. Баева 7 сынып оқушыларымен «Бинго» «Салауатты өмір салты» зияткерлік ойынын өткізді.
Форумның екінші күні «Жастар кубогы» КТК ойыны өтті.