Саран қаласы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Coworking» орталығының ашылуы

Саран қаласы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Coworking» орталығының ашылуы

18 ақпан күні Саран қаласы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Coworking» орталығының ашылуы салтанатты түрде өтті. Орталықтың ашылуының құрметті қонақтары ретінде Саран қалалық маслихатының хатшысы Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Саран қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Омаров Қайрбек Қойшыбаевич, қалалық білім бөлімінің басшысы Бақтыбаев Арман Болатұлы келді. Қонақтар мектеп ішіне экскурсия жасады: кіреберіске қойылған Абай атамызға арналған ақпараттық стендтермен танысып, «Абай залына» кірді. Әуелеген күймен қонақтарымыз орталыққа кірді. Орталықтың ашылу лентасын кесу құрметті қонақтарға ұсынылып, қазақтың дәстүрімен күймен шашу шашылды. Ең алдымен келген қонақтар өз жүрек жарды тілектерін білдіріп, құттықтау сөздерін айтты. Мектебіміздің мақтаныштары, сайыстардың жеңімпаздары Овсянникова Вероника Абай атамыздың өлеңін оқыса, Ахат Нұрәлі Бұқар Жыраудың «Керей, қайда барасың?» жырынан үзінді оқып, қонақтардың алғысын алды. Облыстық «Оқырмандар отбасы» байқауының жүлделі ІІ орын иегері, қоғам қайраткері, саясаттанушы, «АНТИКОР» штабының мүшесі Мұстафин Серік Хамзаұлынан сұхбат алынды. «Coworking» орталығының ашылуы салтанаты бастауыш сынып оқушыларының оқырмандарды облыстық «Бір отбасы – бір кітап» акциясы аясында ұсынылған мерейгер кітаптарды оқуға шақырумен аяқталды.