
Әскерлердің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33-жыл толуына орай, Абай атындағы жалпы білім беру мектебінде «Ауғанстан: бауырмалдық, ерлік, қаһармандық» тақырыбында қалалық салтанатты іс – шара өтті. Кездесуге интернационалист – жауынгерлер, Саран қаласының тұрғындары: Арсентьев Роберт Петрович, Коземир Василий Михайлович, Перепеляк Сергей Александрович шақырылды. Қала мұғалімдері мен оқушылардың атынан білім бөлімінің басшысы А.Б. Бақтыбаев, әр кейіпкер батырлық пен табандылықтың, күшті ер мінез бен ерік – жігердің жарқын үлгісі екенін атап өтіп, қаламыздың ардагерлерін құттықтады.