1.1. «Саран қаласы «Саран қаласының білім бөлімі» «№ 16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Қарағанды облысы, Ақтас кенті, Космическая көшесі 11.
Лауазымға үміткер кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде басшылық лауазымдарда 1 жылдан кем емес.
2) Лауазымдық міндеттері: білім беру қызметін оның Жарғысына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес басқарады. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
3) Лауазымдық жалақы мөлшері 113 482 (жүз он үш мың төрт жүз сексен екі мың) теңгеден 137 594 (жүз отыз жеті мың бес жүз тоқсан төрт мың) теңгеге дейін.
4) Осы хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құжаттарды қабылдайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
5) Конкурс өткізілетін орын: «Саран қаласының білім бөлімі» ММ. Конкурс өткізілетін күн: 2021 жылғы 22 сәуір. Байланыс телефоны: 50601, электрондық мекенжайы: saragoo@mail.ru