«Саран қаласының білім бөлімі» ММ 2022 жылғы 21 қазан мен 11 қараша аралығында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Конкурстық қатысуға өтінімдерді хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 21 қазаннан бастап 27 қазанды қоса алғанда 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады. Басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттар электрондық форматта электрондық поштаға жіберіледі sarobrazovanie@mail.ru.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алудың конкурстық рәсіміне қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1)«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға арналған қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және еңбек қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. »
2)мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесі санитариялық қағидаларға сәйкес оқушыларды (үш топқа дейін) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен шарт;
4) педагогикалық немесе арнаулы білімі бар педагог қызметкерлердің штат кестесінің және белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар конкурстық өтінімдерді тіркеу аяқталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, Қарағанды облысы, Саран қ., Жамбыл Қ., 85а мекенжайы бойынша әлеуетті қызмет көрсетушілердің қатысуымен қаралатын болады. Өтінімдерді қарау күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (72137) 79026.