Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы Білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Сәуле» бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Заңды мекен-жайы:      Қарағанды облысы, Саран қаласы, 1а шағын ауданы, 27 құрылыс

Анықтама телефоны:     8(72137)58119, Электрондық пошта мекен-жайы: iasli85@mail.ru

Бос лауазымның атауы:  қазақ тілінде тәрбие беретін топтарда  дене шынықтыру бойынша нұсқаушы - 1 ставкаға 1 бірлік

Дене шынықтыру нұсқаушысының лауазымдық міндеттері:

- Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді: өз қызметінің денсаулық сақтау функциясын орындайды

- Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады.

- Дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді.

- Ата-аналарға денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде консультациялық көмек көрсетеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

- Дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады.

- Ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша сабақтар өткізеді.

- Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  13.09.2022 ж. бастап 20.09.2022 ж. дейін.

Құжаттар тізімі:      

1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

Дата публикации
13 сентября 2022
Дата обновления
13 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
Ақпарат
14 августа 2024
Аттестаттаудан сәтті өткен директорлардың тізімі
08 апреля 2024
Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№ 17 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы