Қарағанды облысы Білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Орналасқан жері: Саран қаласы
Пошталық мекенжайы: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 72-үй
Телефон нөмірлері: 8 (72137) 7-41-13, 8 (72137) 7-41-11
Электрондық пошта мекенжайы: ddshiv3@mail.ru
Бос лауазымдар:
* домбыра сыныбы бойынша оқытушы – 2,5 ставка
* фортепиано класы бойынша оқытушы - 2 ставка
* гитара сыныбы бойынша оқытушы - 2 ставка
* теориялық пәндер оқытушысы - 2 ставка
* вокал класы бойынша оқытушы – 2,5 ставка
* бейнелеу өнері класы бойынша оқытушы - 2,5 ставка
Бір мөлшерлемеге жалақы мөлшері: 102820,00-147106,31 теңге (біліміне, біліктілік санатына және жұмыс өтіліне байланысты)
Қосымша білім беру педагогтерінің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1)мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығы);
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығы).
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.