Меню

Страницы

Статья

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қарағанды облысы Білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Орналасқан жері: Саран қаласы

Пошталық мекенжайы: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 72-үй

Телефон нөмірлері: 8 (72137) 7-41-13, 8 (72137) 7-41-11

Электрондық пошта мекенжайы: ddshiv3@mail.ru

 

Бос лауазымдар:

* пианист-концертмейстер - 2 ставка

 

Бір мөлшерлемеге жалақы мөлшері: 102820,00-147106,31 теңге (біліміне, біліктілік санатына және жұмыс өтіліне байланысты)

 

Концертмейстер лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1)мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығы);

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығы).

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
05 сентября 2022
Дата обновления
05 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат
Ақпарат
14 августа 2024
Аттестаттаудан сәтті өткен директорлардың тізімі
08 апреля 2024
Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№ 17 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы