Қазақ, орыс тілі мұғалімі оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;
Қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететіндей балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қабілеттерін анықтайды, олардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.
Инновациялық технологияларды меңгерген, оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады.
Жоспарлауда ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамыта оқыта отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтай және түзете алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.09.2022 ж. бастап 10.09.2022 ж. дейін.
Құжаттар тізімі: 1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Қажетті ақпаратты Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 39 құрылыс-жайы бойынша алуға болады. Анықтама алу үшін телефон: 8 (72137) 7-53-73