1 Білім беру ұйымының атауы Қарағанды облысы Білім басқармасының Саран қаласының «№2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Ушакова 8/1 көшесі
Телефон 8 (72137) 53086
Электрондық почта dubowka@bk.ru
2 Бос лауазымдар атауы 1. математика мұғалімі
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе Біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Педагогтың негізгі функционалдық міндеттері • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
• білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
• білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты-жөніне сыпайы қарау немесе "мұғалім/учитель"тікелей жүгіну арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
• білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады,
• пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, Бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
• бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
• журналдарды толтырады (қағаз немесе электрондық);
• білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-әрекеттік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
• оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
• білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
• инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
• ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
• арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
• интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
• әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
• ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
• ата-аналарға кеңес береді;
• кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелерін сақтайды;
• білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
• ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
• білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды тізбесін толтырады;
• білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білу керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және білім берудің бағыттары мен міндеттерін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;. білім беруді дамыту перспективалары;
• оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
• педагогика және психология
• пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
• педагогикалық этика нормалары;
• оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
• құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
• еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.
3 Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары Еңбекке ақы төлеу өтіліне және біліктілік санатына сәйкес жүзеге асырылады
- 1 жылға дейінгі орта-арнаулы білім (min) – 113 717 тенге (16 сағат)
- жұмыс өтілі 1 жылға дейінгі жоғары білім (min) – 140 434 тенге (16 сағат)
4 Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде
5 Қажетті құжаттар тізімі 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.