Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында Саран қаласының білім бөлімінде Ведомствоаралық сараптау тобы (ВСТ) құрылды.
Аталған топтың құрамына «AMANAT» партиясының қалалық филиалының, ата-аналар қоғамының, Денсаулық сақтау және т.б. өкілдер енгізілді.
2022 жылғы 31 наурыз, 1 сәуір күндері Ведомствоаралық сараптау тобы Саран қаласының мектеп асханалары бойынша көшпелі іс-шаралар өткізді.
Мониторинг барысында бракераж комиссияларының жоспарлары, актілері мен хаттамалары, бекітілген мәзірлер, тыйым салынған өнімдер, өнімдерді сақтау шарттары, өнімді дайындау мерзімдері, өнімге сертификаттардың болуы тексерілді. Сондай-ақ, ауыз су режимін ұйымдастыру және тамақтанудың белгіленген стандарттарға сәйкестігі тексерілді.
Іс-шара барысында мектептерде бірқатар бұзушылықтар мен ескертулер анықталды. Сондай-ақ тоңазытқыштарда тәуліктік сынамалар жүргізілмеген, үй-жайдың санитарлық-гигиеналық режимі бұзылған, ас блогында персоналдың жұмыс аймақтары нақты бөлінбеген, тамақ өнімдерін сақтауда да бұзушылықтар анықталды, ыдыс-аяқтар арасында сынығы, жарығы бар ыдыстар кездеседі.
Мектептерге, жеке кәсіпкерлерге ү. ж. 7 сәуіріне дейін ескертулер мен бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.
Тексеру кезінде № 1 МЛ, №13, №6 ЖББМ, №7 МИ, Абай атындағы ЖББМ мектептерде өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ.