Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі (елді мекеннің атауы) мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды
Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды электрондық форматта мемлекеттік органның электрондық поштасына жібереді.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР білім министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.
Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекенжайға: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, №85 а ғимаратының қабылдау бөлмесіне 2022 жылғы «21» желтоқсан сағат «12.00» -ден, 2022 жылғы «26» желтоқсан сағат «12.00»-ге дейін ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар: 2022 жылғы «28» желтоқсан сағат «16.00»-де келесі мекен-жайы бойынша: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, №85 а ғимаратының Акт залында қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі: 8 (72137)79026 арқылы алуға болады.