Қамқоршылық кеңес қабылдаған шешімдердің жүзеге асуы туралы ақпарат

2024 жылғы 26 қантарында «№17 мектеп-гимназия» КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді.

Отырысқа Қамқоршылық кеңесінің төрайымы және 8 мүшесі қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға материалдық көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін және қайырымдылық концертін өткізу туралы.
  2. Қайырымдылық көмекті бөлу жөніндегі комиссия құру туралы.
  3. Қайырымдылық көмек көрсететін отбасылардың тізімін бекіту.

Ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен шешім қабылданды:

  1. 2024 жылдың 1 наурызында қайырымдылық жәрмеңкесі мен қайырымдылық концертін өткізу.
  2. Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен екі мүшесінен тұратын қайырымдылық қаражатын бөлу жөніндегі комиссия құрылсын.
  3. Қайырымдылық көмек көрсету үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың тізімі бекітілсін.
Дата публикации
29 апреля 2024