Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі - Білім бөлімі) 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін, Саран қаласы мен Ақтас кентінде орналасқан мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен және оған енгізілген өзгерістермен 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №485 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекенжай бойынша: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 85 А, № 208 кабинет, 2023 жылғы «01» желтоқсаннан 2023 жылғы «05» желтоқсанды қоса есептегенге дейін, сағат 09.00 - ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы «05» желтоқсан күні сағат 16.00-ге дейін, Саран қ., Жамбыл к-сі, 85 а, № 208 кабинет мекенжайында қаралады.

Қосымша ақпаратты 8 (72137) 5-06-01, 8(72137) 5-71-08 телефоны арқылы алуға болады.

Құжаттарды тізімі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі - Білім бөлімі) 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін, Саран қаласы мен Ақтас кентінде орналасқан мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Дата публикации
30 ноября 2023