Консультациялық пункттер

Консультациялық пункттер мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір нысаны болып табылады.         

        Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтармен, психологтармен және басқа да мамандармен тұрақты қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуына жәрдемдесуге арналған.

          Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттердің қызметі мектепке дейінгі ұйымы мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы келісім -шартқа сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.

Негізгі міндеттері :

- мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша атааналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ;

- ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

- ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;

- мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;

-тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.

          Консультативтік пункттерде жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында әрбір мектепке дейінгі ұйымның сайтында консультативтік пункттің жұмысы бойынша материал орналастырылатын қойындылар жасалды:

"Аленушка" бөбекжай-бақшасы " КМҚК  https://krguo.edu.kz/index/fromorg/701?lang=kz

"Балғын" бөбекжай-бақшасы " КМҚК https://krguo.edu.kz/index/fromorg/700?lang=kz

"Березка" бөбекжай-бақшасы " КМҚК https://krguo.edu.kz/index/fromorg/695?lang=kz

"Колобок" бөбекжай-бақшасы " КМҚК https://krguo.edu.kz/index/fromorg/702?lang=kz

"Колокольчик" бөбекжайы КМҚК https://krguo.edu.kz/index/fromorg/696?lang=kz

"Малыш" бөбекжайы КМҚК https://krguo.edu.kz/index/fromorg/703?lang=kz

"Сәуле "бөбекжай-бақшасы" КМҚК https://krguo.edu.kz/index/fromorg/692?lang=kz

Дата публикации
19 октября 2023