Ақпарат ZOOM платформасы арқылы өткізілген Қамқоршылық кеңесінің отырысында қабылданған шешімі

«Саран  қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

А.Б. Бақтыбаевқа

 

 

 

Ақпарат

ZOOM платформасы арқылы өткізілген

Қамқоршылық кеңесінің отырысында қабылданған шешімі

 

2023 жылдың 08 тамыз күні «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ қамқоршылық кеңес отырысы өткізілді.

Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің 5 мүшесі, әлеуметтік педагог Б.К. Махмутова,  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары Л.Амангельдиева

 

Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

  1. 2022 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес қаржылай көмек көрсету

 

Ашық дауыс беру арқылы көпшілік  дауыспен төмендегі шешім қабылданды.

«Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына  сәйкес «Жалпыға білім беру» қоры қаржысынан қаржылай көмек қажет ететін  8 отбасының 16 білім алушыларына Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысының  5-санаттына сәйкес  «Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындау» бойынша қаржылай көмек көрсетілсін.

 

 

«Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы                                           Абилхан К.Ж.                                                           

 

 

 

 

Ақпарат ZOOM платформасы арқылы өткізілген Қамқоршылық кеңесінің отырысында қабылданған шешімі
Дата публикации
11 сентября 2023