GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
03 августа 2026
Мектепке жол акциясы

Хабарландыру!

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ-ң білім беру ұйымдарында  ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен, жыл сайынғы "Мектепке жол" акциясы жалғасын тапты. Акция 2026 жылдың 1 тамызынан басталып, 2026 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.  Акция  туралы білім бөлімінің және білім беру ұйымдарының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Көмек ретінде мектепке қажетті мектеп формасы, спорттық киімдер, мектеп сумкалары, аяқ киімдер және құрал-жабдықтар беріледі.  Көмек көрсету жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.

 Осыған орай 2026-2027 оқу жылында жоғарыда аталған санаттағы  оқушыларға көмек көрсетемін дейтін демеушілер болса,  білім бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз! Ағыбай батыр көшесі 18 үй, № 1 кабинет.

05 февраля 2026
Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойыны туралы

2025 жылдың желтоқсан айында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған І республикалық «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойынына Приозерск қаласының білім беру ұйымдарынан үш оқушы қатысып, үздік деп танылды.
Оқушылар арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

28 июля 2025
Хабарландыру

Хабарландыру!

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ-ң білім беру ұйымдарында  ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен, жыл сайынғы "Мектепке жол" акциясы жалғасын тапты. Акция 2025 жылдың 1 тамызынан басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.  Акция  туралы білім бөлімінің және білім беру ұйымдарының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Көмек ретінде мектепке қажетті мектеп формасы, спорттық киімдер, мектеп сумкалары, аяқ киімдер және құрал-жабдықтар беріледі.  Көмек көрсету жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.

 Осыған орай 2025-2026 оқу жылында жоғарыда аталған санаттағы  оқушыларға көмек көрсетемін дейтін демеушілер болса,  білім бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз! Достық көшесі 23 үй. № 7 кабинет. Телефон:52962

 

 

01 апреля 2025
Хабарландыру

Бірінші сыныпқа құжаттарды баланың ата-аналарынан және заңды өкілдерінен қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін және екі жолмен қағаз түрінде немесе «Egov.kz электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мектептер бірінші сыныпқа балаларды алты жастан және 2025 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептерге қызмет көрсету аумағы бекітілген. Мектеп қабылдау кезінде дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
* порталға:
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi ( 2 дана).

10 января 2025
2024 жылғы 24 желтоқсанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін айқындауға арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті.

        Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттаманы қарау мақсатында 2024 жылғы 24  желтоқсанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін айқындауға арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурсқа мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардан 2  өтініш берілді.     Отырыс хаттамасына сәйкес ҚР ОАМ 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген Ережелердің талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі тізбеге 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымын енгізу туралы шешім қабылданды.

18 декабря 2024
Хабарландыру

Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Приозерск қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурстық рәсім Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 325 орынға өткізіледі.

 

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.

 

Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР білім министрлігінің 2022 жылдың 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға , орта білімге, балаларға қосымша білім беруге, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.

 

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекен-жайға: Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 ғимаратының 6 кабинетіне 2024 жылғы «18» желтоқсан  сағат «09.00»-ден, 2024 жылдың «23» желтоқсанына дейін  сағат «18.00»-ге дейін қабылданады.

 

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар: 2024 жылдың «24» желтоқсанда сағат «09.00»-де келесі мекен-жай бойынша Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 ғимаратында, 6 кабинетінде қаралатын болады. 

 

 

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (71039) 52962.

23 сентября 2024
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық іс-шараларын өткізу  («Мектепке жол», «Қамқор» акциялары және т.б.)

 

  Жыл сайынғы Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының жұмысы ағымдағы жылдың 01 тамызынан басталды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған  және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.  Акция 2024 жылдың 1 тамызынан басталып, 2024 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. Балаларға материалдық және қаржылай көмек демеушілердің көмегімен көрсетіледі. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ жалпы оқумен қамту қорынан жергілікті бюджет есебінен 153 балаға қаржылай көмек берілді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектепке дайындық бойынша  әлеуметтік себептер бар  37 оқушыға 1,172680 теңгеге спорттық киім, аяқ киім, мектеп формалары, мектеп сөмкелері, кеңсе тауарларымен көмек берілді. Сонымен қатар акция аясында  «Халық банкі» АК Приозерск қаласының филиалы 1 сыныпқа баратын 10 – оқушыларға   кеңсе тауарларымен көмек  көрсетті.

 

20 сентября 2024
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні "№4 Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы " КММ көшпелі отырыстарының кестесіне сәйкес Приозерск қаласының білім беру ұйымдарының балаларына тексеру жүргізілді. Оқу бағдарламасын анықтау мақсатында 15 бала тексерілді. Балалардың ата-аналарына оқыту және тәрбиелеу бойынша ұсыныстар берілді.



17 апреля 2024
1 сыныпқа қабылдау туралы

Бірінші cынып оқушыларының құжаттары 1 сәуірден                           31 тамызында дейін қабылданады.

Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

 Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz немесе e.bilimal.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-аналардың немесе баланың басқа заңды өкілдердің өтініші;
  • «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды
  • Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
  • Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

 Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

11 марта 2024
БЖЗҚ-да «Ашық есік» күні

 

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде

2024 жылғы 15 наурызда "Ашық есік күнін"өткізеді. 

Күннің басты тақырыбы – "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ".

"Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" (ЖМЗЖ) - 2024 жылы ең көп талқыланатын жаңалықтардың бірі. Ол жұмысшылардың қай санатына арналған? Оларды қалай дұрыс төлеуге болады? Қандай мақсатпен енгізілді?

Осы және басқа да сұрақтарға Қор мамандары жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік," Ашық есік күні " онлайн-форматта 2024 жылдың 15 наурызында

11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;

12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;

15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;

16:00-17:00 дейін - орыс тілінде өтеді.   

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы