Приозерск қаласы бойынша білім беру ұйымдарындағы бастауыш сынып және жекелеген санаттағы отбасыдан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы

Приозерск қаласы бойынша білім беру ұйымдарындағы

бастауыш сынып және жекелеген санаттағы отбасыдан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету

туралы

 

 

Қарағанды облысының білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ 2023-2024 жаңа оқу жылына жалпы білім беру ұйымдарының асханалары мен ас блоктарында бейнебақылау камералары, қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін посттерминалдар орнатылған, Каспи және Халық банк аударымдары да қарастырылған. Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда және қызметкерлері медициналық тексеруден өткен. Білім беру ұйымдары асхананы жалға алушы жеке кәсіпкерлермен келісім-шартты 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты. 2023 жылы №2 жалпы білім беретін мектептің асханасына ағымдық жөндеу жұмысы жүргізіліп, қажетті жабдықтармен жаңартылды.

Білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия мүшелері тағайындалып, бекітілген жоспарға сай жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жалпы білім беру ұйымдары Қарағанды облысы білім басқармасының 2023 жылғы 11 тамыздағы «Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы» №411 бұйрығына сәйкес 1-4 сынып және  Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен 5-11 сыныптың жекелеген санаттағы білімалушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жұмыстар ұймдастырылды. Қарағанды облысы білім басқармасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысын негізге алып, тағамдар массасын граммен көрсете отырып, біркелкі перспективалық мәзір бекітті.  Қаламыздың білім беру ұйымдары осы ас мәзірін негізге алып біркелкі ас мәзірін білім бөлімі басшысымен келісілді.

Асханадағы күнделікті ас мәзірі білім беру ұйымдарының «BILIMAL» электрондық порталының ата-аналарға арналған web.edumark.kz мобильдік қосымшасында, сонымен қатар білім беру ұйымдарының GOV.KZ  басты сайтының «ТАМАҚТАНУ» айдарында үнемі  жарияланып тұрады.

Қазіргі таңда жалпы білім беру ұйымдарында барлығы 841 оқушы тегін  ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 811 оқушы 1-4 сынып оқушылары, 30 білімалушы – ҚР Үкіметінің №64 Қаулысында көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.

 

 

Білім бөлімі басшысы                                                                Г.Касимова

 

Орынд.: Г.Рамазанова

 

Дата публикации
15 сентября 2023