Приозерск қаласы бойынша білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына
мониторинг жургізу жөніндегі аймақтық ведомствоаралық сараптамалық топтың атқарылған жұмыстары туралы ақпара
2023 жылдың қаңтарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізетін сараптамалық топ жаңа құрамда құрылып, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында қаламыздың жалпы білім беру ұйымдарында жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптамалық топ жалпы білім беретін мектептердің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының асхана жұмыстарының барысы мен құжаттарын тексерді. Сараптама барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы актідегі көрсеткіштерге сәйкес келеді. Яғни, жалпы білім беру ұйымдарының асханалары мен ас блоктарында бейнебақылау камералары, қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін посттерминалдар орнатылған, Каспи және Халық банк аударымдары да қарастырылған. Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда және қызметкерлері медициналық тексеруден өткен. Білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия мүшелері тағайындалып, бекітілген жоспарға сай жұмыстар жүргізіп жатыр. Жалпы білім беру ұйымдары 1-4 сынып және жекелеген санаттағы білімалушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін асхананы жалға алушы жеке кәсіпкерлермен келісім-шартты 2023 жылдың 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Жеткізілетін барлық азық-түліктердің сертификаттары бар. Күнделікті ас мәзірі Қарағанды облысы білім басқармасымен бекітілген перспективалық ас мәзірімен сәйкес келеді. Асханадағы күнделікті ас мәзірі білім беру ұйымдарымен web.edumark.kz сайтында, ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары балабақшалардың әлеуметтік желілерінде күнделікті ас мәзірін жарияланып тұрады.
Қазіргі таңда жалпы білім беру ұйымдарында барлығы 926 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 840 оқушы бастауыш сынып оқушылары, 86 білімалушы – ҚР Үкіметінің №64 Қаулыда көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.