2022 жылдың 7 қазанында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптама жұмысының басты міндеті мектепке дейінгі ұйымдардың бракеражды комиссиясының қызметін тексерумен қоса, тәрбиеленушілердің қауіпсіз және теңгерімді тамақтануы бойынша ұсыныс жасап, тәрбиеленушілер үшін тамақ дайындау процесінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасын куәландыратын тиісті құжаттардың болуына мониторинг жүргізу мен ас блогы, қойма үй-жайларын, технологиялық жабдықты, балалардың гигиеналық тазалық жүргізетін бөлмелердің жабдықталуына баса назар салу, ауыз су режимін сақталуын және күнделікті ас мәзірінің перспективалық ас мәзіріне сәйкестігін тексеру болып табылады.
Сараптамалық топ мектепке дейінгі ұйымдардың асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Тексеру барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы, дайындалған тағамның сапасын, дайын өнім шығымының сәйкестігі мен күнделікті ас мәзірінің перспективалық мәзірге сәйкестігі қаралды. Асхана мен ас блогындағы бейнебақылау камералары, виртуалды склад, ИНДИГО24.KZ электрондық порталындағы ата-аналардың жеке кабинетіндегі ас мәзірі, ұйымдардың жеке веб-сайттарындағы «Тамақтану», «Ас мәзірі» айдарлары тексеріліп акт жасалды.