Білім беру саласы бойынша 1 тоқсанда атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Білім беру саласы бойынша 1 тоқсанда атқарылған

іс-шаралар туралы ақпарат

 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқыту барысында педагог қызметкерлер балалар тәрбиесіне бағытталған облыстық, қалалық жобаларға қатысады.

«Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері арасында қалалық семинар өткізілді. Семинарда «Балақай», «Балбөбек», «Айналайын» бөбекжайларының педагогтері шебер-сынып көрсетті. Семинарға  мектепке дейінгі ұйымдардан 30 педагог қатысты.

Облыстық қашықтықтан өткен «Үздік педагогикалық жоба» атты байқауына «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі Б.Б.Кенжебаева “Экологиялық ертегілер” тақырыбы бойынша және «Еркетай» шағын орталығының педагогі Ф. С. Тажибаева  «Терезе алдындағы бақша» тақырыбы бойынша байқауға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп дипломмен марапатталды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға робот техникасына деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Робототехника болашақтың бағдары» атты робототехникадан балабақша тәрбиеленушілері арасында қалалық жарыс  өткізілді. Жарысқа мектепке дейінгі мекемелерден  4 команда қатысып,  «Лабиринт құру»,  «Маршрутты бағдарлау», «Топтық полигонда жеке тур» кезеңдері бойынша білімдерін сынады.

Қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері  арасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында «Айналайын» бөбекжайының дефектолог, логопед, монтессори-педагог және педагог-психолог мамандары өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарға қатысқан педагогтермен түрлі ойындар, тренингтер ұйымдастырылды. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардан  45 педагог қамтылды.

Жалпы білім беретін мектептерде барлығы 1912 оқушы білім алады. Мектеп оқушыларының оқу жылы бойынша  3 тоқсандағы білім сапасы 50% құрайды. 

2021-2022 оқу жылында орта мектепті 61 мектеп бітіруші аяқтайды. Мектеп бітірушілері қаңтар, наурыз айларында Балқаш қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды.

Жыл сайын жалпы білім беретін мектептерде пән олимпиадалары ұйымдастырылып отырады. Биылғы оқу жылында да мектеп оқушылары қалалық, облыстық пән олимаиадаларына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық   кезеңінде 16 пән бойынша 77  оқушы қатысты, оның ішінде 61 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарға ие болды. Облыстық олимпиадаға 18 оқушы  қатысып, №2 ЖББМ-тің оқушысы   Миллер Виктория  (қазақ тілі орыс сыныбынан), Берден Айша (өзін-өзі тану), Яхшилик Шолпан (қазақ тілі мен әдебиеті) 3-орынды иеленді.

         Облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауынан 2-7 сынып оқушыларының тіл білімі секциясы бойынша Каримсакова Шапағат II орын, химия, биология секциясы бойынша Болатова Жанерке III орын, Ұзақбай Мейіржан III орын иеленді.

Республикалық  «Менің Отаным - менің бастамам» шығармашылық  облыстық жобалар байқауынан №1ЖЖБМ-тің  оқушылары Қанатова Сабина, Наурызбаев Жомарт, Раджапбай Ақерке, Әбдімүтәліп Шұғыла II орын иеленді.

         Приозерск қаласының білім беру ұйымдарында әр ай сайын білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша сынып сағаттар өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

         «Адал Ұрпақ» жобасының жоспарына сәйкес 2022 жылдың сәуір айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз! Жақсылық жаса!» тақырыбында слет өткізіліп, слетқа қатысқан оқушылар білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

         2022 жылдың 6 сәуірінде білім бөлімінің заңгері, ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпаны №802 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында

түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2022 жылдың 15 ақпанында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы Приозерск қаласының жалпы білім беретін мектептерде жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын  жүргізді. Сараптама жұмысының  басты міндеті мектептердің бракеражды комиссиясының қызметін жүзеге асыру және мектеп әкімшілігі мен мектеп асханасын жалға алушы тарапынан оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Тексеру барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы, дайындалған тағамның сапасын, дайын өнім шығымының сәйкестігі қаралып, акт жасалды.  Қазіргі уақытта жалпы білім беру ұйымдарында  барлығы 943 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 806 бастауыш сынып оқушылары, 137 білім алушы – ҚР Үкіметінің № 64 Қаулыда көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.

Жыл сайын білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылдың наурыз айында №1 мектептің спорт залына жөндеу жұмысы кестеге сәйкес наурыз айында басталып, сәуір айында аяқталды. Спортзалдың төбесін тегістеу, әктеу жұмысы, қабырғаларын сырлау жұмысы жүргізілді, есіктер  салынды.

 

 

Дата публикации
14 апреля 2022