Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың
құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді
ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакциялау күні 21.02.2022
Сақтау күні 26.02.2022
Дата редакции 21.02.2022
Дата скачивания 26.02.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі