Тамақтану 16.02.2022

2022 жылдың 15 ақпанында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы Приозерск қаласының №2 ЖББМ КММ-де жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын  жүргізді. Сараптама жұмысының  басты міндеті мектептің бракеражды комиссиясының қызметін жүзеге асыру және мектеп әкімшілігі мен мектеп асханасын жалға алушы тарапынан оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Тексеру барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы, дайындалған тағамның сапасын, дайын өнім шығымының сәйкестігі қаралып, акт жасалды.  Қазіргі уақытта жалпы білім беру ұйымында барлығы 471 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 430 оқушы бастауыш сынып оқушылары, 41 білім алушы –ҚР Үкіметінің №64 Қаулыда көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.

Дата публикации
16 февраля 2022