Тамақтану

2022 жылдың 15 ақпанында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы Приозерск қаласының №1 ЖББМ КММ-де жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын  жүргізді. Сараптама жұмысының  басты міндеті мектептің бракеражды комиссиясының қызметін жүзеге асыру және мектеп әкімшілігі мен мектеп асханасын жалға алушы тарапынан оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Тексеру барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы, дайындалған тағамның сапасын, дайын өнім шығымының сәйкестігі қаралып, акт жасалды.  Мектеп асханасында бейнебақылау камералары орнатылған. Білім алушылардың ауыз су режимі сақталған.  Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта жалпы білім беру ұйымында барлығы 474 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 378 оқушы бастауыш сынып оқушылары, 96 білім алушы –ҚР Үкіметінің №64 Қаулыда көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.

 

Дата публикации
15 февраля 2022