Аймақтық ведомствоаралық
сараптамалық топ құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру және қамтамасыз етуге байланысты перспективалық мәзірдің бір мәрте тамақтану нормаларына сәйкестігін қадағалау, бракераж комиссияларының жұмысын қадағау, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу, бюджет қаражатын тиімді жұмсауды қадағалау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.Білім беру ұйымдарындағы тамақтандырудың сапасын бақылауға мониторинг жүргізу үшін аймақтық ведомствоаралық сараптамалық топ келесі құрамда құрылсын:
- Мырзахметова Эльмира Нурабаевна – Приозерск қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері;
- Алтаева Карлыгаш Игликовна – Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Приозерск қаласындағы филиал директоры;
- Жартыбаева Мадина Серікбайқызы – «Нұр Отан» партиясының Приозерск қаласындағы аймақтық кеңесшісі.
- Кенжебеков Тлек Алшинбекұлы - Приозерск қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, БАҚ өкілі.
- Кадырхожаева Айгуль Кожабековна - Приозерск қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы.
- Адреисова Мейрамгул Тлеугабыловна – Приозерск қаласының КМҚК «Балақай» бөбекжайы ата-аналар комитетінің төрайымы.
- Каримбаева Жанар Олмасбайқызы – Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайы ата-аналар комитетінің төрайымы.
2.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды білім бөлімінің әдіскері А.Мухаметжановаға жүктелсін.
Бөлім басшысы Г.Касимова