2021 жылдың 15 қарашасында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама топ мүшелері қаламыздың білім беру ұйымдарында жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Сараптама барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы қаралып, акт жасалды. Мектеп асханаларында бейнебақылау камералары орнатылған. Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия мүшелерінің жұмысы, бекітілген жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы білім беру ұйымдарында барлығы 924 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 805 оқушы бастауыш сынып оқушылары, 119 білім алушы –ҚР Үкіметінің №64 Қаулыда көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.