2021 жылдың 1-тоқсанында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы қаламыздың білім беру ұйымдарына жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Сараптама барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы актідегі көрсеткіштерге сәйкес орындалуда. Мектеп асханаларында бейнебақылау камералары орнатылған. Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия мүшелері тағайындалып, бекітілген жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы білім беру ұйымдарында барлығы 943 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 818 оқушы бастауыш сынып оқушылары, 125 білім алушы –ҚР Үкіметінің №64 Қаулыда көрсетілген жекелеген санаттағы оқушылар болып табылады.