Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №1 мектеп

Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы

білім бөлімінің  «№ 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ

 

19 тамыз 2021 жыл                                                  Приозерск қаласы

 

Қамқоршылық кеңес жиналысы

 

Хаттама №1

 

     Қатысушылар: мектеп әкімшілігі,  білім  бөлімінің бас маманы С. Ахметова, Приозерск қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Т. Байманова, Қамқоршылық кеңес мүшелері тізім бойынша.

                                                                                                                                                  

    Күн тәртібінде:                       

  1. 2021 – 2022 оқу жылына дайындығы, білім алушылардың қауіпсіздігі, сабақ кестесі, қоңырау кестесі, мектеп қызметкерлерінің вакцинациялауды, санитарлық талаптарды сақтау. Тамақтануды ұйымдастыру, оқулықпен қамтамасыз ету;

                                             Мектеп директоры: П. Жұмаханова.

  1. Мектеп формасы;

                                         Мектеп директоры: П. Жұмаханова.

  1. 2021 – 2022 оқу жылында «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының» көрсетілетін көмекке мұқтаж оқушыларды тізімге қосу туралы

                                                Әлеуметтік педагог: С. Садуакасова.

Қаралды

Тыңдалды

Сөйледі

     Күн тәртібіндегі 1ші мәселе бойынша мектеп директоры Жумаханова Панар Айдархановна сөз алды. Ата – аналарға 2021 - 2022 оқу жылының дайындығы туралы ақпарат берілді. Оқу жылында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Респбубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 тамыз күнгі №76 бұйрығын, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 18 тамыз күнгі №30-Қ қаулысын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021  - 2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынатынына тоқталды. Барлық ақпараттар слайд түрінде көрсетіліп, таныстырылды.

Шешім қабылданды

     Мектеп директоры  П. Жұмаханованың ақпараты есепке алынсын. Мектептің 2021 – 2022 оқу жылына дайындығы толық деп бағалансын. Білім алушылардың, мектептің санитарлық нормаларын, Қамқоршылық кеңестің шешімін басшылыққа ала отырып, 2021 – 2022 оқу жылында 6 күндік сабақ кестесі бекітілсін.

   2 ші мәселе бойынша мектеп директоры П. Жұмаханова сөз алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен Қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстырды. Мектеп формасы сақтау мәселесі Қамқоршылық кеңестің талқылауына шығарылғанын айтып өтті. Негізі 2016 жылғы 20 мамырда мектекпішілік ата – аналар жиналысында мектеп формасы қабылданып,  2016 – 2017 оқу жылынан бастап енгізілгеніне тоқталып өтті. Сұрақтарға жауап берілді.

Шешім қабылданды

  Мектеп директоры Жұмаханова Панар Айдархановнаның ақпараты есепке алынсын. Мектеп формасына: көк қара (темно синий) түсті мата таңдалсын (ұлдар, қыздар, бастауыш, орта, жоғары буын білім алушылары үшін).  Бастауыш сыныптың қыздары үшін ақ кофта, сарафан, ұлдарға костюм – шалбар, ақ көйлек. Орта, жоғары буында: қыздарға ақ кофта, юбка ұзындығы тізеден төмен, ұлдарға костюм шалбар таңдап алынсын.

     3-ші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ж. Садакасова сөз алды. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне 2021 – 2022 оқу жылында «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» көрсетілетін көмекке мұқтаж оқушылар тізімін ұсынды (37 оқушы). Тізімдегі әр оқушыға жеке тоқталып, әр отбасына сипаттама берді. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Шешім қабылданды

    Әлеуметті педагог Садуакасова Жанар Избасаровнаның ақпараты есепке алынсын. Ұсынылған 37 оқушының үй тұрмысымен танысып, арнайы комиссия арқылы акт жасалсын. Акт қорытындысы бойынша жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан ұсынылатын көмек алуға осы 37 оқушының тізімі бекітілсін. Заңға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау әлеуметтік педагог Садуакасова Жанар Избасаровнаға міндеттелсін.

Қамқоршылық кеңес төрағасы                                        Т. Кенжебеков

Хатшысы                                                                                 Г. Белтаева

 

Дата публикации
10 сентября 2021