Ереже

Қарағанды облысы әкімдігінің                                                                                    2021 жылғы « 05 »  қаңтардағы                                                                       № _01/03_қаулысына                                                                                        № 12 қосымша

Қарағанды облысыбілім басқармасының

«Приозерск  қаласыныңбілім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1.пЖалпы ережелер

 

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме)Приозерск қаласының аумағында білім саласына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы Ережеге қосымшаға сәйкес оның қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды басқаратын орган ретінде айқындалады.
  3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.пМемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданымдағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  1. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 үй.
  2. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде – Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск  қаласыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел образования города Приозерск» управления образования Карагандинской области.

  1. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қарағанды облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Миссиясы: білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті  байыту;

3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және республикамыздағы өзге де халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін білу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру;

5) білім беру ұйымдарының автономиялығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократизациялау және орталықтандыру;

6) білім беруді ақпараттандыру негізінде білім берудің жаңа технологияларын енгізу.

  1. Функциялары:
  • Приозерск қаласыныңаумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
  • кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
  • мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
  • облыстың білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
  • облыстың білім басқармалары арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;
  • қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
  • тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • қалалықдеңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
  • оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
  • орындаушылар конкурстары мен балаларға арналған кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалықмектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
  • Приозерск қаласыныңауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
  • Приозерск қаласыныңәдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес Приозерск қаласыныңбілім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады;
  • бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
  • тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
  • Приозерск қаласындағымемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • Приозерск қаласындаорналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  • негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
  • қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
  • білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
  • жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
  • білім беру ұйымдарында, оның ішінде Приозерск қаласында орналасқан ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
  • Приозерск қаласыныңбілім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
  • облыстардың білім басқармаларына Приозерск қаласының білім бөлімінің құрылымын келісуге енгізеді және бекітеді;
  • Приозерск қаласыныңтиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып-жиынтықтарының санын келіседі;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
  • жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
  • білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және алады;

2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің міндетіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;

3) консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысады;

4) Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

                                                                            

  1. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

  1. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеме жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

2)  мемлекеттік мекеменің құрылымын осы функцияны орындауға жауапты мемлекеттік органға бекітуге ұсынады;

3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

6) шарттар жасайды;

7) банктік шоттар ашады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және  жұмыстан босатады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, сондай-ақ білім беру саласындағы жоғары тұрған басқару органымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

  1. Білім беру ұйымдарының тізбесі осы Ереженің қосымшасына сәйкес белгіленеді.

Қарағанды ​​облысы білім                                                                                    басқармасының

«Приозерск  қаласыныңбілім

бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің  ережесіне                                                                                       қосымша 

 

 

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «Приозерск  қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі

 

 

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№ 1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
  4. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балақай» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
  5. 5. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
  6. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

положение
Дата публикации
06 января 2021