GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Орта білім
23 октября 2026
Шағын жинақты мектептердің педагогтарына арналған "мектеп құжаттамасын жүргізу"тақырыбындағы аудандық семинар.

2026 жылғы 22 қазанда Осакаров ауданы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында шағын жинақты мектептердің педагогтеріне арналған «Мектеп құжаттамасын жүргізу» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, мектеп құжаттамасын жүргізу сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және шағын жинақты мектептердегі оқу процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау.
Семинар барысында қатысушылар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, оқу құжаттамасын жүргізудің ерекшеліктерін талқылады, мектепішілік бақылау мен білім беру процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырды.
«№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтері ашық іс-шаралар мен сынып сағаттарын өткізіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық көзқарастарын және білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Семинар кәсіби қарым-қатынас орнатуға, практикалық тәжірибе алмасуға және білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді іздестіруге мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Семинардың барлық қатысушыларына белсенділіктері, ынтымақтастықтары және педагогикалық қызметті жетілдіруге деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!

Орта білім
23 октября 2026
Осакаров ауданының жас тарихшысы — «Менің кіші Отаным» облыстық байқауының жүлдегері

2026 жылғы 21 қазанда Қарағанды қаласындағы Ә. Ермеков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 9–10-сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» республикалық жас тарихшылар зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Осакаров ауданының білім бөліміне қарасты «№ 32 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы Н. Тарабрина «Бір жәдігер — бір тарих» номинациясында III орын иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Е. Н. Монжосов .
Жүлдегер мен оның жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Жаңа табыстар, қызықты зерттеулер және туған өлке тарихын танып-білуде толағай жетістіктер тілейміз!

Орта білім
19 октября 2026
Осакаров ауданының жас тарихшылары — «Менің кіші Отаным» байқауының қатысушылары

2025 жылғы 15 қазанда Осакаровка кентіндегі № 12 жалпы білім беретін мектеп базасында 9–10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқау оқушылардың зерттеушілік және талдау дағдыларын қалыптастыруға, туған өлкенің тарихына қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштік пен азаматтық белсенділікке тәрбиелеуге, сондай-ақ туған жердің өткені мен болашағын зерделеуге шығармашылық көзқарасын дамытуға бағытталған.

Аудандық кезеңге алты мектептің өкілдері қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық кезеңде Осакаров ауданының намысын келесі оқушылар қорғайды:

Абишева Мадина, А. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы — «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша;

Казенова Адия, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы — «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» номинациясы бойынша;

Тарабрина Н., № 32 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы — «Бір жәдігер — бір тарих» номинациясы бойынша;

Саметай Назым, Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы — «Туған өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша.

Аудандық кезең жеңімпаздарын құттықтаймыз! Жас тарихшыларға шабыт, жаңа ізденістер мен тың жаңалықтар тілейміз! Байқаудың облыстық кезеңінде сәттілік серік болсын!

Орта білім
15 октября 2026
«ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

14 қазанда Қарағанды қаласында, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында 2–8-сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға ауданымыздан 13 оқушы қатысып, олардың 7-еуі облыстық кезеңнің жүлдегері атанды! 🎉👏

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жетекші педагогтерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жаңалықтар мен жарқын жеңістер тілейміз! 🌟

Барлық қатысушылар мен педагогтерге дайындықтары, еңбектері, талпыныстары және ауданымыздың намысын облыстық деңгейде абыроймен қорғағандары үшін зор алғыс білдіреміз! 💐

Жас зерттеушілерімізді мақтан тұтамыз!

12 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу
30 сентября 2026
Рейдовое мероприятие «Қамқор»

2026 жылғы 25 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімінің құқық бұзушылықтардың алдын алу және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мәселелері жөніндегі әдіскерлері, Психологиялық қолдау орталығының басшысы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар бірлесіп «Қамқор» рейдтік іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты әлеуметтік осал жағдайдағы және ерекше назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандардың тұру және тәрбиелену жағдайларын зерделеу, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бағалау болды.
Рейдтік іс-шара барысында профилактикалық есептің әртүрлі түрлерінде тұрған отбасыларға бару жүргізілді. Мамандар тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға зерттеу жүргізіп, ата-аналармен (заңды өкілдермен) әңгімелесті, балаларды тәрбиелеу, күтіп-бағу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты заңнама талаптарын түсіндірді.
Балалардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындауы мәселелеріне ерекше назар аударылды

Құқық бұзушылықтардың алдын алу
30 сентября 2026
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес

2026 жылғы 28 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері Касумова В.Н. білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларымен онлайн-кеңес өткізді.
Кеңес барысында қатысушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу, ерекше назар аударуды талап ететін балалармен (ЕНТ) жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, қауіп факторларын уақтылы анықтау, сондай-ақ білім беру ұйымдарының полиция органдарымен және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар профилактикалық жұмысты құжаттамалық сүйемелдеу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру және педагог қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру
28 сентября 2026
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен кездесу

2026 жылғы 25 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 30-дан астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда – ауданның білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша біліммен қамту мәселелері қарастырылды. Қызықтырған барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар қауымдастығы ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.

Орта білім
23 сентября 2026
Балаларды тасымалдайтын көлік құралдарына мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 18 қыркүйекте 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында Осакаров ауданының білім беру ұйымдарында балаларды күнделікті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарына мониторинг жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалар арасындағы жарақаттану деңгейін төмендету.
Мониторинг барысында көлік құралдарының техникалық жағдайына, қажетті жабдықтар мен қауіпсіздік құралдарының болуына, сондай-ақ тиісті құжаттардың рәсімделуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқушыларды қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауға мектеп көлігінің дайындығы тексерілді.
Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ұсынымдар берілді. Балаларды мектеп көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі Білім бөлімінің тұрақты бақылауында.

Орта білім
11 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитынзияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады:1-орын — 600 000 теңге;2-орын — 450 000 теңге;3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы