Физика мұғалімдеріне арналған Форум

Физика мұғалімдеріне арналған Форум

Қарағанды облысы білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 наурыз күні физика пәні мұғалімдері үшін облыстық деңгейде форум өтті. Форумға аудан атынан бірнеше мектептер мен мұғалімдер жоғары деңгейде өз үлестерін қосты. Атап айтсақ: Сушкова О.В. (№9 гимназия), Пак А.В. (№12 тірек мектебі), Елеусізова Г.Т. (№11 ЖББМ).
Облыстық форум 3 кезеңмен өтті: 1. Облыстық көрме, 2. Секциялық жұмыстар, 3. Пленарлық бөлім. Қатысқан мұғалімдер өзге аудандардың жұмыстарын бағалап өздеріне біраз тәжірибе жинап қайтты. Осакаров ауданы білім бөлімі аталған ұстаздарымызға толағай табыстар тілеп, алғыс хаттарын ұсынады.