Қарағанды облысы білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 21 сәуірінде «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. Барлығы 9 команда қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша Осакаров ауданының №23 тірек мектебінің (ресурстық орталығы) "Парасат" командасы I орынға ие болды, ал, команданың спикері Молдабаев Данат "ҮЗДІК СПИКЕР" дипломымен және сыйлық сертификатымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!