2021 жылдың 25 қаңтары мен 28 қаңтары аралығында Осакаровка кентінде және Молодежный кентінде отбасылардың тұрмыстық жағдайларын зерттеу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықты, кәмелетке толмаған балаларға қатыгез қарым-қатынасты болдырмау үшін әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, ювеналды полиция инспекторларымен бірге барлық карантиндік шараларды міндетті түрде сақтай отырып, балалары өгей аналарымен, өгей әкелермен тұратын отбасыларды, сондай-ақ ата-аналары азаматтық некеде бірге тұратын отбасыларды тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Жалпы қамту – 37 отбасы. Тексерілген отбасыларда тұрмыстық зорлық-зомблықты, қатыгез қарым-қатынас фактілері анықталмады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.