Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен Балалар суретінің «Жануарлар – менің достарым!» атты республикалық конкурсының мақсаты – адамзаттың санасына ой салып, жануарларға деген қатігездік пен қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауды бала кезден сусындату. Байқау діттеген мақсатына жетті десе болады. Туындымен бірге эссе жазып жіберген жас суретшілер, үлкендерді жануар аулауды доғарып, табиғатты аялауға шақырды. Конкурсқа біздің ауданымыздан 6 оқушы қатысып, сыйлықтармен марапатталды: (үстел үсті лампалары, кинетикалық құм, лего конструкциясы, caspian power қуаттандырғыш)
Григорьева Анна- Осакаров кеңтінің №1 тірек мектебінің оқушысы
Скворцова Екатерина- Осакаров кеңтінің №12 тірек мектебінің оқушысы
Кульбаева Інкәр- Молодежный кеңтінің №26 тірек мектебінің оқушысы
Клиперт Ксения- Молодежный кеңтінің №26 тірек мектебінің оқушысы
Лерх Данил- Ақбұлақ селосының №28 орта мектебінің оқушысы
Большуменов Олжас -Иртышское селосы негізгі мектебінің оқушысы