2020 жылдың 21 тамызы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасын жүзеге асыру аясында Қарағанды қ. «Назарбаев зияткерлік мектебі» базасында 5-6 сынып оқушылары арасында "Myń Bala" Ұлттық олимпиадасы өткен болатын. Ауданымыздың 7 мектебінен 11 оқушы «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша бақ сынасты. Ұлттық олимпиаданың қорытындысы бойынша екі кезеңнен де сүрінбей өтіп, өте жоғары көресткіш көрсетіп, Республикалық деңгейде ауданымыздың атағын шығарған оқушыларымыз: «Есіл с.№2 ОМ» 7-сынып оқушысы Никифорова Маргарита, «Осакаров к.№9 гимназиясы базасындағы тірек-мектебі (ресурстық орталығы)» 6-сынып оқушысы Рубцова Юлияға «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры атынан ноутбуктер және Димломдармен марапатталды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ш.Қожахметова, Қарағанды облысының әкімінің орынбасары А.Н.Нукенов онлайн ZOOM конференциясы арқылы барлық облыс қатысушыларын құттықтап, ата-аналарына алғысын білдірді.