2020-2021 оқу жылының 16 шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Осакаров ауданы Есіл ауылы № 2 орта мектебінде "Көненің көзі-тарихтың өзі" атты экспозициялық - көрме мұражайы ашылды. Мұражайдың мақсаты оқушыларды Отансүйгіштікке, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оларды қоғамдық пайдалы және ғылыми жұмыстардың түрлі нысандарына баулу.