Бүгін Қарағанды облысының Білім басқармасы және Оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Ұлт келбеті – жас маман» атты облыстық жас мамандардың II Форумы өтті.
Іс-шара жас мұғалімдердің біліктілігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жас мамандардың жұмысын жандандыру мәселелеріне назар аудару мақсатында өткізілді.
Форум аясында 10 секцияның жұмысы ұйымдастырылды, онда жас мұғалімдердің білім беру-тәрбиелеу процесінің негізгі мәселелері бойынша шеберлік сыныптары ұсынылды. Диалог алаңында «Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тиімді әдістері» тақырыбымен Осакаров ауданынан «Осакаровка к. №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ информатика пәнінің мұғалімі Юрий Владимирович Федоров тәжірибе алмасты. 2 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар Юрий Владимировичтің аудан және облыс көлемінде жақсы нәтижелері бар, оқушылары робототехника бойынша түрлі байқауларға қатысады.
Форумның екінші бөлімі пленарлық отырыс облыс әкімі А.Нукеновтың қатысуымен өтті. Онда «Молодежный к.№26 ОМ базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ математика мұғалімі Дарья Игоревна Шакирова өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту үшін жас мамандарды туған ауылдарына қайтып баруға , онымен қоса кәсіби және шығармашылық тұрғыдан өздерін жан-жақты дамытуға шақырды.
Сонымен қатар, пленарлық отырыста қарағанды облысының білім беру саласындағы 100 жаңа есім кітабының шығуы таныстырылды.