Меню

Страницы

Статья

"Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы

2020 жылдың 25 қыркүйегінде Осакаров ауданының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ювеналды полиция органдарында есепте тұрған қолайсыз отбасыларды тексеру; түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз мектеп жасындағы кәмелетке толмағандарды анықтау.Қатысушылар: кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, білім бөлімі, білім беру ұйымдары, ювеналды полиция, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, БАҚ.
Рейдтік іс-шара барысында 37 қолайсыз отбасы, 7 дүкен, 3 кафе, 2 автожуу, 2 теміржол вокзалы, саябақтар және т.б. тексерілді.Рейдтік іс-шара қатысушыларымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Одан басқа, түнгі сағат 23:41-де заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген үш кәмелетке толмаған бала анықталды. Аталған кәмелетке толмағандар үйлеріне жеткізіліп, ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 442-бабы "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" түсіндірілді. Ювеналды полиция инспекторымен хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Дата публикации
25 сентября 2020
Дата обновления
25 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 мая 2024
Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
28 февраля 2023
Осакаров ауданының мектептеріне 1-сыныпқа қабылдау туралы ата-аналар нені білуі тиіс!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы