Мектептерде кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру білім беру процесінің барлық қатысушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
38 мектептің жұмыс жоспарының басты бөлігі ретінде кәсіптік бағдарлау жұмысының жоспары бекітілді.
28 мектепте кәсіптік бағдарлау кабинеттерінің жұмысы ұйымдастырылған (5 мектепте жеке кабинеттер, 23 мектепте мультимедиялық кабинет және компьютер сыныптарымен біріктірілген, 10 мектепте кәсіптік бағдарлау бұрыштары).
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын орындау аясында бүгінгі таңда облыс колледждерінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 38 түлек оқиды, олар оқу орындарын бітіргеннен кейіннен жұмысқа орналасатын болады (Мамандықтар: аспазшы, құрылысшы, дәнекерлеуші, телекоммуникациялық жабдықтар мен тұрмыстық техникаға қызмет көрсету және жөндеу, слесарь)
АНЫҚТАМА :
2016-2017 оқу жылында облыс колледждеріне қабылданды: жоспар-20, факт-13
2017-2018 оқу жылында облыс колледждеріне қабылданды: жоспар-13, факт-20
2018-2019 оқу жылында облыс колледждеріне қабылданды: жоспар-9, факт-5
2020-2021 оқу жылында Абай көпсалалы колледжіне орыс тілінде оқытатын 9- сынып негізінде аспазшы мамандығы бойынша 5 өтініш берілді.
Қарағанды темір жол колледжі -2, оның ішінде «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша оқытылуы қазақ тілінде 11- сынып түлектері.
2020 жылы 9 сыныпты 409 оқушы бітірді, оның 137-сі (33,4%) колледжге түскен, оның ішінде 116 (оқушылардың жалпы санының 28,4%) грантқа түсті, қалған 272 оқушы 10-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр.