2020 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Осакаров ауданы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны - 80, оның ішінде: қорғаншылықта және қамқоршылықта - 66 бала, патронаттық тәрбиеде - 14 бала.
Анықталған балалар бойынша мәліметтер республикалық деректер қорына енгізіледі. 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде осындай 10 бала берілді, оның ішінде: қорғаншылыққа және қамқоршылыққа - 8, патронаттық тәрбиеге – 2. Аталған балалар туыстарының отбасына тәрбиелеуге берілді.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға қамқоршыларға тағайындалған ақшалай қаражаттың төлемі әр айдың 15-не дейін жүргізіледі. 2020 жылдың қыркүйек айына төлем толығымен берілді.
|
Анықтама: 2020 жылы қамқоршылық бойынша жәрдемақы: қаңтар-наурызда – 26510 теңгені, сәуірден бастап – 27780 теңгені құрайды. |
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың бір нысаны бала асырап алу болып табылады. Осакаров ауданы бойынша 2017-2019 жылдар кезеңінде асырап алуға берілген балалардың саны 11 баланы құрады, оның ішінде: 2017 жылы - 4, 2018 жылы - 5, 2019 жылы – 2. 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу болған жоқ.
Патронаттық тәрбиешілерге тіркелген кандидаттар туралы мәліметтердің деректер банкі құрылған және ол үнемі жаңартылып отырады. Ағымдағы 2020 жылы 4 кандидат бар, олармен балаларды отбасына орналастыру бойынша мақсатты көзделген түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2017-2019 жылдар кезеңінде баласынан бөлек тұратын ата-ана құқықтарын жүзеге асыру мәселесі бойынша 15 өтініш түсті. 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде осындай 3 өтініш қарастырылды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекке қою туралы функциялар Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөліміне және тұрғын үй инспекциясына бекітілген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес заңды өкілдерге тұрғын үй алу бойынша кезекке қою міндеттері туралы ескертіледі.
2017-2019 жылдары 8 пәтер бөлінді, оның ішінде: 2017 жылы – 1, 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 4. 2020 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер берілмеді.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8/72149/41394 – қамқоршылық және қорғаншылық органы, 8/72149/41373 – Осакаров ауданы білім бөлімінің қабылдау бөлмесі.