0 жастан 18 жасқа дейін ЕББҚЕ балалар және мүгедек балалардың жалпы саны - 204, оның ішінде ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында - 20, мектептерде-123, (инклюзивті сыныптарда - 99, арнайы сыныптарда - 7, үйде оқытылатыны - 17), облыстың арнайы түзету мекемелерінде-4, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жатпайды-12, мүгедек балалар – 45. 22 бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде қызмет алады.
Осакаровка кентінің №9 гимназиясында логопункт жұмыс істейді, онда сөйлеу қабілеті бұзылған - 27 оқушы барады.
Инклюзивті білім берумен қамтылған мектептер саны-18 (мектептердің жалпы санының 47,3% құрайды), 73 инклюзивті сыныптарда 99 ЕББҚЕ балалар білім алуда. Осы санаттағы балалармен 278 педагог жұмыс істейді, оның 215 біліктілікті арттыру курстарынан өтті (мұғалімдердің жалпы санының 77,3%).
Кедергісіз орта құру мақсатында 5 тірек мектептерде пандустар, кең есіктер, шақыру бастырмалары, бейімделген санитарлық тораптар, тактильді жолдар, тану белгілері орнатылған.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап логопед-дефектологтың тағы 2 ставкасы енгізілді (Садовый а. № 16 ОМ, Мирный а. №20 ОМ, сондай-ақ Осакаровка кентінің №9 гимназиясына педагог-ассистенттің ставкасы енгізілді).
Сондай-ақ, осы жылдан бастап интеллектісі бұзылған 39 оқушы оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілді.