"Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

Ауданымызда оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі сәтті өткізілді.
Олимпиада 5 кезең бойынша ұйымдастырылды:
1. Әнші – бұлбұлдар
2. Сөз шеберлері
3. Білгірлер бәйгесі
4. Жас қаламгер
5. Бейнелеушілер
Аталған білім бәйгесіне 59 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Олимпиада барысында қатысушылар білім деңгейін, шығармашылық қабілетін, шешендік өнері мен ой ұшқырлығын жоғары деңгейде көрсете білді. 
Нәтижесінде, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!
 
 
Дата публикации
28 января 2026