Әбіш Кекілбаев оқуларының аудандық кезеңі өтті

14 қаңтар күні аудан көлемінде Әбіш Кекілбаев оқуларының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға 8–11 сынып оқушылары қатысып, өздерінің әдеби-шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Оқулар 4 номинация бойынша өткізілді:
– Иллюстрациялық суреттер;
– Мәнерлепоқу;
– Шығармашылық жұмыс;
– Сахналық қойылым.

Байқауқорытындысыбойыншаоблыстықкезеңгежолдамаалғаноқушылар:

  • Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ, 10-сынып оқушысы Стрельникова Софья;
  • Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ, 8-сынып оқушысы Асылболатқызы Ақбота;
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ, 11-сынып оқушысы Жылбыр Бекболат.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Дата публикации
15 января 2026