Қарағанды облысының білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімі
келесі қосымша білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру бойынша байқау жариялайды:
1. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Жастар" балалар- жасөспірімдер орталығы" КМҚК – 9 адам
2. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Шабыт" балалар-жасөспірімдер орталығы" КМҚК – 9 адам
3. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК– 9 адам.
4. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің«Нұрай» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны — 17 адам
5. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны — 11 адам
6. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны — 7 адам
7. Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балапан» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны — 8 адам
Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес, «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» өткізіледі.
Өтініштерді қабылдау тәртібі:
Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру бойынша ұсыныстар Қарағанды облысының білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөліміне жазбаша өтініш беру арқылы қабылданады. Құжаттарды қабылдау мерзімі – осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн.