Қамқоршылық кеңестердің құрамын өзгерту туралы

Осакаров ауданының жалпы білім беретін мектептерінің Қамқоршылық кеңестерінің құрамынан шығу туралы өтініштердің түсуіне байланысты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына (өзгерістерімен: № 356 – 2023 жылғы 12 қазан, № 354 – 2024 жылғы 14 қазан) сәйкес,
«Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық кеңестер құрамының өзгергені туралы хабарлайды.
Өзгерістер келесі білім беру ұйымдарына қатысты:
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№2 жалпы білім беретін мектеп» – 8 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп» – 2 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№6 жалпы білім беретін мектеп» – 1 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№7 жалпы білім беретін мектеп» – 1 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№16 жалпы білім беретін мектеп» – 8 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№18 жалпы білім беретін мектеп» – 1 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№20 жалпы білім беретін мектеп» – 2 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№25 жалпы білім беретін мектеп» – 2 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «Абай атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» – 4 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп» – 2 адам
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№31 негізгі орта мектеп» – 3 адам.
- Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөліміне қарасты КММ «№17 жалпы білім беретін мектеп» – 1 адам.

Жалпы білім беретін мектептің Қамқоршылық кеңесінің құрамына енгізу туралы ұсыныстар жазбаша өтініш беру арқылы «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады. Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Дата публикации
03 сентября 2025