«Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ және ведомстваға қарасты білім беру ұйымдарымен барлығы 19 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады, оның ішінде қағаз түрінде - 6 (31,5%), электронды/қағаз түрінде – 7 (37%), электронды - 6 (31,5%. )
Ағымдағы жылдың 8 айында барлығы 1777 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды – 1359 (76,5%), Мемкорпорация арқылы қағаз түрінде – 62 (3,5%), канцелярия арқылы – 356 (20%).
2013 жылдан бастап 6 мемлекеттік қызмет (мектепке дейінгі балаларды кезекке қою-1, қамқоршылық және қорғаншылық бойынша - 5) электронды түрде «Е-акимат» мемлекеттік қызметтердің бірыңғай жүйесі арқылы көрсетіледі.
2020 жылдың ақпан айынан бастап «Smartnation» бірыңғай порталы арқылы тағы 5 мемлекеттік қызмет электронды түрге ауыстырылды. Оған жергілікті бюджеттен 2 млн. 400 мың теңге қаражат бөлінді.
Ақпараттандыру және Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудан тұрғындары үшін білім бөлімінің сайтында, ведомстволық бағынысты ұйымдардың сайттарында, білім беру ұйымдары ғимараттарының фойесінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.
Білім бөлімі тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.