Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жыл сайын аз қамтылған отбасылардағы мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және сабақтың болмауының алдын алу мақсатында әлеуметтік себептер бойынша балаларды мектептен шығару, жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізеді.
Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы биыл «Жақсылық жаса» ұранымен жүзеге асып отыр.
Акция 2023 жылдың 1 тамызында басталып, 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.
Осы сәтті пайдалана отырып, облыс тұрғындарын, барша жеке кәсіпкерлерді, шаруа қожалықтарының басшыларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Құрметті ата-аналар!!! Тамыз айында Осакаровка ауданында, Молодежный кентінде жәрмеңкелер ұйымдастырылады, сонымен қатар мектеп формасы, аяқ киім, мектеп кеңсе тауарларын сату бойынша көшпелі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер туралы ақпарат РOO сайтында жарияланады, ата-аналардың чаттарына жіберіледі.
Барлық сұрақтар бойынша Осакаров ауданының білім бөліміне 8 (72149) 4-14-55 (жедел желі), 8 (72149) 2-40-13 телефондарына хабарласуға болады.